Maм 20, 2017 18:01 Asia/Almaty
  • Иранның президенттік сайлауының қорытынды нәтижелері жарияланды

Иранның президенттік сайлауының он екінші кезеңінің қорытынды нәтижелерінің жариялануына сәйкес, сайлаудың үміткері Хасан Рухани 23000000-нан астам дауыспен қайтадан ИИР-ның президенті болып сайланды.

Иранның ішкі Істер Министрі Абдурреза Рахмани Фазли бүгін, сенбі күні тілшілерге берген сұхбатта: «Жалпы 41 200131 дауыстан Хасан Рухани 23 549616 дауыс жинап, қайтадан ИИР-ның президенті болып сайланды. Президент сайлауының осы кезеңінде Сейед Ибраһим Раиси Садат 15 786449, Аға Мирсалим 478 215, Мостафа Һашеми Таба 215 415 дауыс жинады» деді.

56 410234 ирандық президент сайлауы мен қалалық және ауылдық ислам кеңестері сайлауына дауыс беру шарттарына ие болды. Сайлауға 40 000 000-нан астам адамның қатысуымен жетпіс пайыздық деңгейге қол жетті. 

 

Тегтер