Сайлаулардың жеңімпазы – Иран халқы мен Ислам республикасының жүйесі
(last modified Sat, 20 May 2017 13:45:58 GMT )
Maм 20, 2017 19:45 Asia/Almaty
  • Сайлаулардың жеңімпазы – Иран халқы мен Ислам республикасының жүйесі

Хазірет аятолла Хаменеи 19 мамыр күні өткен сайлауларға арналған бүгін, сенбі күнгі жолдауында: «Сайлаулардың жеңімпазы – Иран халқы және дұшпанның қастандықтары мен талпыныстарына қарамастан осы ұлы халықтың сеніміне енген, әрбір кезеңде табысқа жеткен  Ислам республикасының жүйесі» деді.

Мәртебелі жетекші кеңсесінің ақпарат торабының мәліметі бойынша, Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятола Хаменеи жолдауда: «Халықтың сайлауларға ықыласпен жаппай қатысуы және қоғамның барлық табының барлық жерде дауыс беру жәшіктеріне жету үшін ұзын саптарда тұруы исламдық демократиялық негіздердің мықтылығы мен бірліктің айқын көрінісі болып, Иран мен ирандықтың амал алаңындағы сынақта абыройларын арттырып, жүздерін жарқыратты. Исламдық Иран қараниеттер мен кекшілдерді тағы артқа шегіндірді. Халық сайлаудан кейін шәксіз, ұлттық айбын мен күш-қуаттың маңызды факторы саналатын жалпы бірлік пен келісім туралы ойлануы керек. Барша елді ұлы мақсаттарға қарай ілгерулетуде міндеті саналатын өзінің рөлін танып, соны жүзеге асыруы керек» деді.  

Хазірет аятолла Хаменеи сондай-ақ, президент пен болашақ үкіметтің істеріне атсалысатын барлық адамдарға елдің қиындықтарын шешу үшін күш салып, осы тура жолдан бір сәт таймауды, әлсіз таптарға, ауылдар мен кедей аймақтарға көңіл бөлуді, жемқорлық және қоғамдық бұзақылықтармен күресті өздерінің бағдарламаларының күн тәртібіне енгізуді сұрады.

Ислам революциясының жетекшісі жолдауда сайлауға қатысқан баршаға, соның ішінде діни тұлғалар мен үлемдерге, университеттің зиялыларына, саясаткерлерге, өнер саласындағы тұлғаларға, президенттік сайлаудың үміткерлеріне, сайлау науқанын өткізушілер мен бақылаушыларға, сайлаудың қауіпсіздігін қорғаушыларға, сонымен қатар ұлттық ақпарат құралдарына алғыс айтты.