Иран халқы – сайлаудың негізгі жеңімпазы
(last modified Sun, 21 May 2017 09:05:18 GMT )
Maм 21, 2017 15:05 Asia/Almaty
  • Иран халқы – сайлаудың негізгі жеңімпазы

Иран халқының Президенттік сайлаудағы қалаулысы Хасан Рухани 19-мамыр сайлауының негізгі жеңімпазын Иран халқы деп атады.

Сайлауда жеңіске жетіп, қайтадан ИИР Президенті атанған Хасан Рухани сенбі күні теледидар арқылы берген сұхбатында: «Иран халқының сайлау учаскелеріне жаппай баруы бұл сайлауда кімге дауыс бергендерінен бөлек таңғаларлық оқиға болды. Иран халқының маған сенім артуы өзіме артылған ауыр жауапкершілікті сезінуіме себеп болды»,-деді.

Иран халқының Президенттік сайлауда таңдаған үміткері, сондай-ақ,  Ислам революциясының жетекшісіне алғыс айтып: «Сайлаудың тулаған толқындарын тыныш жағалауға даналықпен жетелеген және сайлауалды бәсекелестік толқуларын ақырында ұлттың абыройы, тәуелсіздігі мен ғиззатының символы саналатын сайлау учаскелеріне бастап барған Ислам революциясының көреген жетекшісіне сәлем жолдаймын»,-деді.

Иран халқының Президенттік сайлауда таңдаған үміткері Иранның басқа кезеңдерден де жоғары рухпен өзара құрмет және ұлттық мүдделер негізінде әлеммен өз қарым-қатынасын кеңейтуге дайын екенін айтып: «Ирандағы сайлау аймақтағы көршілес елдерге аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолының шетелдік күштерге иек арту емес, демократияны дамыту және халықтың дауысына құрметпен қарау екенін көрсетті»,-деді.