Қыр 19, 2024 19:51 Asia/Almaty
  • ИИР Президенті: Мұсылмандардың бірлігі мен ынтымағы күш-қуатын арттырады

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Президенті Масуд Пезешкиан әртүрлі ислам елдерінің ойшылдары мен ғұламаларының қатысуымен Теһранда өз жұмысын бастаған 38-ші халықаралық ислам бірлігі конференциясында: «Барлық мұсылмандар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, мұсылмандардың бірлігі мен ынтымағы дұшпандарға қарсы тұрудағы күш-қуатын арттыра алады»,- деді.

ИИР Президенті: «Алланың Кітабы бүлік пен алауыздыққа тыйым салған. Қайшылық – илаһи арқанды ұстамау»,- деп қосты.

Пезешкиан сионистік режимнің Газа секторын аяусыз басып алуына тоқталып: «2 немесе 3 миллион израильдік мұсылмандарды қырып жатыр, әйелдер мен балаларды, кәрі мен жасты және ауруды өлтіреді, ауруханалар мен мешіттерді бомбалайды, өйткені мұсылмандарда бірлік жоқ және Израиль бұл қылмыстарды жасауға батылы барады. Израиль қылмыс жасайды, өйткені мұсылмандардың бір-бірімен көзқарасы мен тілі ортақ емес, исламдық бірлік жоқ және қарапайым нәрселер үшін бір-бірімен келіспейді»,- деп мәлімдеді.

Иран президенті Ислам қоғамдарының бірлік үшін жаңа нұсқа мен жолдау дайындап, қоғамдарындағы келіспеушіліктер мен басқа да мәселелерді бір жаққа қойып, Ислам үмбетінің дұшпандарымен күресу үшін бірігуіне үмітін білдірді.  

«Палестина мәселесіне баса назар аудара отырып, ортақ құндылықтарға қол жеткізу үшін исламдық ынтымақтастық» тақырыбындағы 38-ші Халықаралық Ислам бірлігі конференциясы 2500 ұлттық және әскери қайраткерлер, сондай-ақ ислам елдерінің танымал тұлғалары мен зиялыларының қатысуымен ИИР Президенті Масуд Пезешкианның сөзімен Теһранда жұмысын бастады.

Сүнниттер раби айының 12-сі және шиіттер осы айдың 17-сін Исламның сүйікті пайғамбары хазірет Мұхаммад Мұстафаның (с.ғ.с.) туған күні деп санайды. Өзі Ислам әлеміндегі бірлік жаршыларының бірі болған Иран Ислам Республикасының негізін қалаушы хазірет Имам Хомейни (р.а.) бұл мәселені исламдық топтарды біріктіру және жақындастыру үшін пайдаланып, осы екі күннің аралығын «Бірлік аптасы» деп атады.

Бұл апта әсіресе бүлік пен бейберекеттікке толы осы кезеңде Ислам әлеміндегі ынтымақ пен бірлік қажеттілігін мұқият зерттеуге жақсы мүмкіндік.

Тегтер