Maм 21, 2017 15:08 Asia/Almaty
  • Әлем елдерінің басшылары Хасан Руханиге құттықтау жолдады

Әлем елдерінің басшылары хат жолдап, Хасан Руханидің ИИР Президенті лауазымына қайтадан сайлануымен құттықтады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Хасан Руханиге құттықтау жолдап, оны ИИР Президенті лауазымына қайтадан сайлануымен құттықтады.

Осы уақытқа дейін әлем мен аймақ елдерінің көптеген басшылары, соның ішінде Франция Президенті Эммануэль Макрон, Сирия Президенті Башар Асад, Кувейт әмірі шейх Саббах Ахмад Джабер Саббах, ҚХР-ның басшысы Си Цзиньпин, Оман патшасы сұлтан Қабус бен Саид, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди, Италияның Премьер-министрі  Паоло Джентилони, Норвегия Сыртқы істер министрі Берге Бренде, Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі  Борис Джонсон, шейх Абдуламир Қеблан, Ирак Президенті Фуад Масум, Жапонияның Премьер-министрі әрі Сыртқы істер министрі  Синдзо Абэ, Тәжікстан Президенті Имомали Рахмон, Армения Президенті Серж Саргсян, Венесуэла Президенті Николас Мадуро, Германияның Сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль жеке-жеке хат жолдап, Иран халқы мен үкіметін Хасан Руханидің ИИР Президенті лауазымына қайтадан сайлануымен құттықтады.

Жұма күні Иран мен әлемнің 102 елінде өткен президенттік сайлаудың он екінші кезеңінің қорытынды нәтижесі бойынша, осы сайлаудың үміткері Хасан Рухани 23 млн-нан астам дауыс жинап, тағы да Иран Президенті болып сайланды.

 

Тегтер