Он екінші үкіметтің жұмысы тиімдірек болады
ИРИ президенті Рухани: "Он екінші үкімет тиімдірек жұмыс атқарып, азырақ қателік жібереді. Ұлттық мүдделерге қол жеткізуге бар күшін салып әрекет ету үшін алға қадам басады",- деп мәлімдеді.
ИРИ президенті Хасан Рухани жексенбі күні кешке он екінші үкіметтің бірлескен отырысында Иран халқын он тоғызыншы мамыр, жұма күнгі сайлауларға жаппай қатысуымен құттықтап: "Он екінші үкімет Иранның дамуы мен ілгерілеуі жолында мықты қадамдар жасап, бірлік пен ынтымақтың арқасында Иранның биік мақсаттарына қол жеткізеді.
40 миллион дауыс жинаған дауыс беру жәшіктері шын мәнінде, Иран халқы үшін ұлттық сенім мен қоғамдық және халықаралық инвестиция жәшігі болды. Қуанышымызға орай, дауыстардың бұл көрсеткіші Ислам революциясының қырық жылдық мерейтойы қарсаңында тіркеліп отыр",- деді.
Сонымен қатар Иран президенті дауыс беру учаскелеріне халықтың барлық топтарының, әсіресе жастардың ықыласпен келіп, сайлауға қатысуы мен шетелдердегі ирандықтардың да сайлауға жаппай қатысуына, сондай-ақ сайлау кезінде шетелдегі ирандықтардың Ирандағы отандастарымен тілектес болғаны үшін алғыс білдірді.