Ирандағы сайлау – халықтың өз тағдырын анықтауының дәлелі
Революция жетекшісінің Эксперттер мәжілісі Иран халқының жуырда өткен сайлауға жаппай қатысуынан кейін жариялаған мәлімдемесінде ИИР-ғы сайлауларды сөздің шынайы мағынасындағы халықтың өз тағдырын анытқтаудағы дәлелі деп бағалады.
Иран Телерадио ұйымының мәліметі бойынша, революция жетекшісінің Эксперттер мәжілісінің хатшылығы мәлімдеме жариялап, халыққа, сайлауларды өткізуге атсалысқан жауапты адамдар мен бақылаушыларға алғыс айтып: «Ордибеһешт айының 29-ы (мамыр айының 19) Иран халқы үшін тағы бір сынақ болды. Халық революцияның мәртебелі жетекшісінің үндеуіне еріп, хабардар түрде сайлауларға қатысып, қырық жылдан кейін әлемдік саясаттанушылар мен сарапшыларды таңқалдырды. Халықтың екі сайлауға – президент сайлауының он екінші кезеңі мен қалалық және ауылдық кеңестердің бесінші шақырылымының сайлауларына ықыласпен қатысуы Иранның дұшпандарына берілген кесімді жауап болды. Халық өзінің мықты айбынымен марқұм имам мен ислам революциясының қазіргі жетекшісінің Ислам республикасының қасиетті жүйесін қорғаудағы мақсаттарын қолдайтындықтарын дәлелдеді» деді.