Хоррамшаһрды азат ету – халықтың бірлігінің көрінісі
(last modified Mon, 22 May 2017 14:01:11 GMT )
Maм 22, 2017 20:01 Asia/Almaty
  •  Хоррамшаһрды азат ету – халықтың бірлігінің көрінісі

Иран Қарулы күштерінің Бас штабы 1982 жылдың мамыр айының жиырма төрті күнгі Хоррамшаһрды азат етуді халық пен әскери жауынгерлердің және ислам сақшыларының дұшпанға қарсы бірлігі мен біртұтастығының айқын көрінісі деп атады.

Иран Телерадио ұйымының мәліметі бойынша, Иран Қарулы күштерінің Бас штабы мәлімдеме жариялап: «Әлемдік үстемшілдер мен Американың Ирактың Баас режимі арқылы Иранның ислам революциясын жою үшін жоспарлап, таңған соғысы Иран халқының табандылығын әлемдіктерге дәлелдеді. Бүгінде исламның басындағы жәһілдік кезеңі аймақтағы кейбір кертартпа үкіметтер тарапынан қайтадан қалыптасып келеді. Олар Йемен мен Ирактың, Палестина мен Ауғанстанның, Бахрейн мен Ливан және Сирияның күнәсіз мұсылман халқына қарсы жасап жатқан жабайы зұлымдықтарымен қатар ислам әлемінің бірінші дұшпаны Израильмен достасу жобасын жүзеге асыруды мақсат етуде. Үстемшіл әрі исламға қарсы жүйе ИИР-ның  ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің көреген басқаруы мен халықтың үкіметті бірлікпен қолдауының арқасындағы, қымбатты шәһидтердің құнды мұрасы оны мәңгілікке тарихта қалдырып, сақтандырып, оятқан халықтық және қазіргі аласапыран дүниедегі жаңа үкімет екенін білсін» деді.