Рухани жергілікті және шетелдік журналистермен баспасөз маслихатын өткізді
https://itolqyn.com/news/iran-i27314
ИИР Президенті жергілікті және шетелдік журналистермен өткізген баспасөз маслихатында өзінің келешек үкіметінің ұстанымдары мен саясаттары туралы баяндады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 23, 2017 14:59 Asia/Almaty
  • Рухани жергілікті және шетелдік журналистермен баспасөз маслихатын өткізді

ИИР Президенті жергілікті және шетелдік журналистермен өткізген баспасөз маслихатында өзінің келешек үкіметінің ұстанымдары мен саясаттары туралы баяндады.

ИИР Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні президенттік сайлауда жеңіске жеткеннен кейін жергілікті және шетелдік журналистермен өткізген алғашқы баспасөз маслихатында АҚШ Президенті Дональд Трамптың Сауд Арабиясында кейбір араб елдерінің басшыларымен өткізген жуырдағы отырысы және Иранды лаңкестікті қолдаумен айыптауы туралы: «Риядтағы отырыс спектакль болды. Оның саяси құны жоқ. Өйткені лаңкестікпен күрес бір елдің алпауыт елге ақша беріп, бір отырыс өткізуімен шешілмейді»,- деді.

Рухани АҚШ-тың Сауд Арабиясына бірнеше миллиард долларға қару сатуы туралы: «Сауд Арабиясына керісінше, Иран қару сатып алуды қажет етпейді. Сауд Арабиясының билікке жетудің жолы қару сатып алу емес екенін біледі деп үміттенемін. Күш пен биліктің негізі халықтың сайлауға қатысуымен пайда болатын ұлттық айбын саналады. Иранның қаруы мен зымырандары бейбітшілікті мақсат етеді. Иран зымырандық сынақты қажет еткен кезде өткізеді, басқа үкіметтердің рұқсат беруін күтпейді»,- деді.