Қасиетті қорғаныс – бүгін мен болашақ үшін маңызды естелік
(last modified Thu, 25 May 2017 09:06:34 GMT )
Maм 25, 2017 15:06 Asia/Almaty
  • Қасиетті қорғаныс – бүгін мен болашақ үшін маңызды естелік

Ислам революциясының жетекшісі: «Қасиетті қорғаныс кезеңінің есте қаларлық ғибраты мынадай: егер, адам іс жүзінде жан-дүниесімен Құдайға тәуекел етсе, барлық кедергілер мен түйткілдерді төзімділікпен жеңе алады»,-деп қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні түстен кейін қолбасшылар, жауынгерлер және Қасиетті қорғанысты еске алу кештерін ұйымдастырушылар мен өнерпаздардың бір тобымен кездесуде 8 жыл бойы таңылған соғыс кезінің естеліктерін баяндап, оларды жас ұрпаққа жеткізуде жаңа әдеби-көркемдік тәсілдерді пайдалануды өте маңызды да құнды іс деп атады.

Хазірет аятолла Хаменеи Қасиетті қорғаныс жылдарының материалдық және адами шығындарымен қоса, осы шақ пен болашақ үшін маңызды әсері барын айтып: «Қоғамда революциялық рухты сақтап, нығайту және революцияны баянды ету – сол кезең әсерлерінің бірі. Сол жанпидалық пен джиһадтық қозғалыс болмағанда революциялық рух қатерге ұшыраған болар еді.

Қазір таңда Иран туындаған барлық түйткілдерді жеңеміз деп айта алады, өйткені Қасиетті қорғаныс  кезінде көптеген қиын кедергілерді жеңу тәжірибесінен өткен»,-деп баса айтты.

Ислам революциясының жетекшісі таңылған соғыс кезінде әлемнің барлық алпауыт елдері мен ұйымдарының, соның ішінде АҚШ, НАТО, Кеңес одағы мен аймақтың реакцияшылдарының ИИР-ға қарсы тұрғанын айтып: «Сондай жағдайда Иран осындай алпауыттардың барлығынан басым түсті»,-деп мәлімдеді