Ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің Иранның спорт саласы шәһидтерінің конгресін ұйымдастырушыларды қабылдауында сөйлеген сөзі
(last modified Wed, 03 Feb 2016 03:47:52 GMT )
Ақп 03, 2016 09:47 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің Иранның спорт саласы шәһидтерінің конгресін ұйымдастырушыларды қабылдауында сөйлеген сөзі

Ислам революциясының мәртебелі жетекші: "Дін және революция жолындағы жанпидалық арнайы бір тапқа ғана тән емес. Осы ұлы рухани додаға барлық тап қатысып отыр" деді.

Хазірет аятолла улузма Хаменеи сейсенбі күні Иранның спорт саласы шәһидтерінің конгресін ұйымдастырушыларды қабылдауында спортшы шәһидтерді қастерлеуді рух- жігерді күшейту және революциялық пікірді асқақтату деп атап: «Спортшы жас табиғи түрде жастардың маңызды бөлімі үшін үлгі болып табылады. Оның ахлағы, мінезі әрі тұрмыс тәсілі ықпалды болып, қоғамды дін, ахлақ пен руханияттылыққа бастай алады» деді.

Хазірет «палуан» сөзін жергілікті және ұлттық әдебиетте артықшылыққа ие атау деп атап спорттық орталарда жағымды қатынас көрсететін спортшыларды мақтап: «Чемпион болып көтерілгенде ұлттық әнұран шырқалып, тудың желбіретілуінен жоғарырақ мақтаныш сионист қарсыласымен күрес сахнасына шықпайтын немесе исламдық толық хиджабпен чемпиондық орынға көретілген спортшы әйел болып табылады» деді.

Хазірет аятолла Хаменеи осындай әрекеттерді соғыс майданына аттану тәрізді мұсылман ирандықтың мықты рух- жігерінің көрінісі деп атап: «Бұл бір ұлттың болмыс- бітімі мен оның қиялдар толқыны мен қияли сезімдердің алдында жеңілмейтін мықтылығы мен қайсарлығын көрсетеді. Спорт кеңістігі осы жаққа қарай жылжитындай іс жасау керек» деді.