Иран халқы қоқан-лоққыдан қорықпайды
https://itolqyn.com/news/iran-i27416
Иран Сыртқы істер министрі Зариф: «Иран халқы табанды халық. Олар америкалықтардың қоқан-лоққы сөздерінен қорықпайды»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 26, 2017 18:48 Asia/Almaty
  • Иран халқы қоқан-лоққыдан қорықпайды

Иран Сыртқы істер министрі Зариф: «Иран халқы табанды халық. Олар америкалықтардың қоқан-лоққы сөздерінен қорықпайды»,- деді.

Мұхаммад Джавад Зариф Теһранда өткен рәсімде: «Ислам революциясының жетекшісінің нұсқауымен Иран халқының мамырдың 19 күні  өткен жуырдағы сайлауларға жаппай қатысуы өтіріктер мен айыптардың кетіп, Ираннан үркіту саясатының жойылуына себеп болды. Халық әлемге бұл халықпен құрметпен сөйлесіп, қорқыту мен кемсіту тілін қолданудан тартыну қажет екенін көрсетті. Иран халқы қауіпсіздігін, тәуелсіздігін мен ғылымы және технологиясын дамыту үшін өз ғалымдарына сүйеніп, басқаларға иек артпайды»,- деп қуаттады.