Жікшілдікке бөліну – аймақтың қауіпсіздігін бұзатын апат
https://itolqyn.com/news/iran-i27478
ИИР Президенті Рухани Катар әмірімен телефон арқылы сұхбатында жікшілдікке бөлінуді аймақтың қауіпсіздігін бұзатын апат деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 28, 2017 15:31 Asia/Almaty
  • Жікшілдікке бөліну – аймақтың қауіпсіздігін бұзатын апат

ИИР Президенті Рухани Катар әмірімен телефон арқылы сұхбатында жікшілдікке бөлінуді аймақтың қауіпсіздігін бұзатын апат деп атады.

ИИР Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, ИИР Президенті Хасан Рухани сенбі күні Катар әмірі шейх Тамим Бен Хамад әл Танимен сұхбатында бейбітшілік пен тұрақтылық орнату үшін аймақтық елдердің әріптестік жасау кажеттігін айтып: "Иран бытыраңқылықтан зардап шегіп отырған ислам әлемінің бейбітшілік пен бауырластыққа қарай қадам жасауын қалайды. Сондықтан шынайы келісімге жету мақсатында келіссөздер жүргізуге дайын",- деді.

Рухани үлкен түйткіл лаңкестіктің барша халықтың қауіпсіздігіне қатер төндіретінін айтып:" Лаңкестікпен күресудің бірден бір жолы – бірлесе әрекет етуде",-деді.

Катар әмірі шейх Тамим Бен Хамад әл Тани де телефон арқылы сұхбатта Руханиді сайлаудағы жеңісімен құттықтап, Доха мен Теһран арасында ертедег мәдени-тарихи байланыстың бар екенін айтып: "Иран мен Катардың байланысын жақсарту үшін ешқандай кедергі жоқ",-деді.