Теһран Иран, Ресей мен Сирияның үшжақты әріптестікті жалғастыруын қолдайды
ИИР Президенті Теһран мен Мәскеудің Сирияда бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту және лаңкестікпен күрес саласындағы әріптестігіне тоқталып, осы әріптестіктерді жалғастыру қажеттігін қуаттады.
ИИР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Иран Президенті Хасан Рухани сенбі күні Ресей Президенті Владимир Путиннің телефон арқылы хабарласқанына алғыс айтып: «Теһран Иран, Түркия мен Ресейдің БҰҰ жетекшілігімен Сирияда атысты тоқтату бітімін сақтау үшін жасап жатқан үшжақты әріптестігін қолдайды»,-деді.
Рухани кейбір елдердің, соның ішінде АҚШ-тың жаңа үкіметі мен Сауд Арабиясының шараларының аймақтағы жағдайдың күрделене түсуіне себеп болып отырғанын айтып: «Лаңкестікпен шынайы түрде күресіп, аймақта тұрақтылық орнату үшін барлық елдер жұмыла әрекет етуі керек»,-деп сөзін жалғады.
Владимир Путин осы телефон арқылы сұхбатта Руханиді Иранның Президенті болып қайта сайлануымен құттықтап, кейбір елдердің Сириядағы басқыншылық әрекеттеріне алаңдаушылық білдіріп: «Ресей мен Иранның Сириядағы қимыл-әрекетттері осы елдің заңды үкіметінің шақыруымен және халықаралық заңдар аясында орын алып отыр. Бұл талпыныстар мен әріптестіктер аймақ пен Сирияда бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту үшін жалғасатын болады»,-деді.