Maм 30, 2017 15:40 Asia/Almaty
  • Теһранда Құран Кәрім бойынша халықаралық көрме ашылды

Кеше дүйсенбі күні Теһранда 22-ші Құран Кәрім халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, бұл көрме Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Сейед Реза Салеһи Амири және жергілікті, сонымен қатар шетелдік қарилар мен Құран зерттеушілерінің қатысуымен «Құран, ахлақ және өмір» деген ұранмен Теһрандағы имам Хомейни атындағы діни-мәдени кешенде ашылды.

Халықаралық көрмеге шамамен 50 ұйым қатысып, 20 анимациялық туынды мен Құран туралы бір деректі фильм көрсетіледі.

Мәлімет бойынша 22-ші Құран Кәрім халықаралық көрмесіне қатысу үшін 297 басылым тіркелген. Олардың 281 ирандық, 16-ы  Түркия, Ирак, Ливан және Сирия елдерінен. Көрме маусымның 16-на дейін жалғасады.

 

 

Тегтер