Иран Ирактағы лаңкестік жарылыстарды айыптады
(last modified Tue, 30 May 2017 15:33:15 GMT )
Maм 30, 2017 21:33 Asia/Almaty
  • Иран Ирактағы лаңкестік жарылыстарды айыптады

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ирактың астанасындағы лаңкестік жарылыс жасаушыларды айыптап, қасиетті рамазан айында болған қылмыстық әрекетті тәкфіршіл лаңкестердің шынайы ислам мен мұсылмандарға қарсылықтарының айқын көрінісі деп атады.

Ирак полициясы дүйсенбі күні түнде  Ирактың астанасы Бағдадтың "әл -Харие" алаңында орналасқан "әл-Каррада" атты адамға толы аудандағы сауда үйінің жанында бомба қойылған көліктің жарылғаны жайында хабарлады. Шабуылдың салдарынан 15 адам қайтыс болып, 55 адам жарақаттанды.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми Ирак Үкіметі мен халқына және жарылыста құрбан болғандардың отбасыларына көңіл айтып: "Лаңкестік шабуылдар – лаңкестердің Ирактағы жеңілістің тығырығынан шығу үшін көрсеткен нәтижесіз әрекеті",-деді. Ғасеми Мосулдағы Ирак армиясы мен халықтық күштерінің жетістіктеріне тоқталып: "Ирактағы лаңкестерді жеңетін күн алыс емес",-деді. Ирактық басшылардың айтуынша, лаңкестер қоғамдық пікір мен демеушілерін Мосулдағы соңғы жеңілістерден алдарқату мақсатында және қалалық жерлерде үрей туғызу үшін  қалалық аймақтарда лаңкестік шабуылдар жасауды күн тәртібіне қойып отыр.

 

Тегтер