Халықтың сайлауға жаппай қатысуы революция достарының қуанышы мен дұшпанның үмітсіздігіне себеп болды
(last modified Wed, 31 May 2017 07:49:46 GMT )
Maм 31, 2017 13:49 Asia/Almaty
  • Халықтың сайлауға жаппай қатысуы революция достарының қуанышы мен дұшпанның үмітсіздігіне себеп болды

ИИР Президенті Рухани ирандықтардың соңғы сайлауға жаппай қатысуын халықтың исламдық жүйеге сүйіспеншілік білдіруімен революция достарының қуанышына, дұшпанның үмітсіздігіне себеп болғанын айтты.

Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани сейсенбі күні Иранның Мәдени революция жоғары кеңесінің отырысында: «Иранның ұлы халқы Ислам революциясының шақыруына «ләббәйк" айтып, дауыс беруге бірауыздан қатысып, өз жоспарларымен исламдық Иран мен революцияны әлсіретпек болған аймақтың кейбір мемлекеттеріне мықты жауап берді.

Иран халқы қаскүнемдерге өзінің саяси қырағылығын көрсетті. Қайшылықтарға толы, тұрақсыз аймақтың ортасында халық жаппай қатысқан, жақсы ұйымдастырылған және қауіпсіз сайлау өткізу ИИР үшін үлкен мақтаныш»,- деді.