Лариджани Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы болып қайта сайланды
Maм 31, 2017 19:29 Asia/Almaty
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы мен басқарма кеңесінің мүшелерін екінші жылға сайлауға арналған Мәжіліс өкілдерінің жиналысы өтті.
Иран Мәжілісінің өкілдері жиналыста төрағалыққа жалғыз үміткер болған Әли Лариджаниді 268 дауыстың 204 дауысымен Мәжіліс төрағасы лауазымына сайлады. Сонымен қатар осы жиналыста Масуд Пезешкан 179 дауыспен, Әли Мұттахари 163 дауыспен Мәжіліс төрағасының бірінші және екінші орынбасарлары болып сайланды.
Тегтер