Имам Хомейни (р.) исламның бастапқы идеологиясын қайта жандандырды
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани: «ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейни (р.) мұсылмандардың адасуы мен артта қалуының түп-тамырын жақсы біліп, республика мен халықтың дауысына шынайы сенген»,-деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сәрсенбі күні Мәжілістің ашық жиналысының күн тәртібінен бұрын ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейнидің (р.) қайтыс болғанына 28 жыл толуына орай сөйлеген сөзінде оны исламның бастапқы идеологиясын қайта жандандырушы деп атап: «Имам Хомейни (р.) Ислам революциясын исламдық-ирандық болмысқа ие жаңа құбылыс санап, бұл революцияны пайда болуы, күрес сапасы, стимулы мен халықтық көтеріліс тұрғысынан басқа революциялардан өзгеше деп бағалады»,-деді.
Әли Лариджани имам Хомейни (р.) мектебінің секуляризмнен бөлек жолды сипаттайтынын айтып: «Имам Хомейни (р.) исламдық идеологияны қайта жандандыруда теңдессіз ойлап, әрекет етті. Ол ерекше жетекші ретінде қалыптасқан саяси ағымдарға керісінше саясат әлеміне жаңа саңылау ашты»,-деді.
Ол, сондай-ақ, имам Хомейнидің (р.) дінді саясаттан бөлу идеясын соңғы ғасырдағы ең маңызды қастандық деп атап, оның негізгі мақсатын халықтарды, әсіресе Иран халқын исламнан күдер үздіру болғанын айтты.
Жексенбі х.ш.ж.с.б. 1396 жылдың хордад айының 14 жұлдызында, сәйкесінше х.қ.ж.с.б. 1438 жылдың 9 рамазанында, 2017 жылдың маусым айының 4 күні ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейнидің (р.) қайтыс болғанына 28 жыл толады.