Иран ядролық мәселені біршама еңсерді
(last modified Thu, 01 Jun 2017 10:17:25 GMT )
Маусым 01, 2017 16:17 Asia/Almaty
  • Иран ядролық мәселені біршама еңсерді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани Теһранда ақпарат құралдары басшыларымен өткізген ортақ отырыста: «Иран ядролық мәселені біршама еңсеріп, инвестиция үшін тыныш кеңістік қалыптасты.

Алайда, кейбір елдер Иранға инвестиция салу және ядролық келісімді толық орындауға қатысты мәселе тудыруда. Осындай маңызды кезеңде ақпарат құралдарының рөлі көмектесуші сипатқа ие бола алады.

Кейбір елдерде Иранды ашуландырып, оның реакциясын көруге бағытталған шаралар жасалуда. Бұл үдеріс жалғасады, тіпті күшейе түсуі мүмкін»,-деп қуаттады.

Лариджани, сондай-ақ, аймақтың жаңа өзгерістерге куә болып отырғанын айтып: «Аймақтық түйткілдер артып келеді. Терроризмге бет бұру көбеюде. Соның салдарынан аймақтың қауіпсіздік саласында  бейберекеттіктер артуда»,-деді.