Рухани: Иран халқы – қисынға ие ымырашыл халық
ИИР-нің Президенті: «Иран ешбір елге қауіп төндірмейді»,-деп қуаттады.
ИИР-нің Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні кешке Иран халқымен тікелей эфир арқылы теледидар арқылы сұхбатында Ислам революциясының «Фаджр» онкүндігімен құттықтап: «Бүгінде әлем Иран халқының қисынды әрі ымырашыл екендігін және аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайтуда маңызды рөл атқаратынын түсінді.
Сионистер мен әлемдік үстемшілдер ауқымды жарнама арқылы әлем мен аймақта Иран мен ирандықтарға қатысты шындыққа жанаспайтын, бұрмаланған қатігез келбет тудырып, өздерінің Ираннан үркіту саясаттарын ілгерілетуді көздейді»,-деді.
ИИР-нің Президенті Иран халқының Ислам революциясының жеңісінен Қасиетті қорғаныстағы жеңіске дейінгі және таяудағы ядролық келіссөздердегі жетістіктерге тоқталып: «Қазір әлеммен әріптестік жасауда жаңа кеңістік пен жағдай қалыптасты. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалардағы белсенділер өз жұмыстарын бастады»,-деді.
ИИР-нің Президенті әлем елдерімен қарым-қатынасты дамытуды Иран үкіметінің басты бағыты деп атап: «Иран өз қарым-қатынасының тек Батыспен шектелуін қаламайды. Қиын күндері Иран халқының демеушісі болған дос елдерді санкциялар алынып тасталғаннан кейін де ұмытпайды»,-деп баса айтты.
Рухани Таяу Шығыс елдерінің аймақ мүддесін назарға алатындығына үміт білдіріп: «ИИР Ирак пен Сирияға лаңкестермен күресуге көмектеседі және бұл елдердің келешегі мен тағдырын сол елдердің халықтары анықтауы қажет деп санайды»,-деді.