Ислам революциясы – имам Хомейнидің ең үлкен жетістігі
Ислам революциясының жетекшісі «Дұшпандар аймақтағы бірқатар елге гибридтік соғыс ашты»,-деп баса айтты.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні имам Хомейнидің кесенесінде имамның қайтыс болғанына 28 жыл толуын атап өту рәсімінде: «Сауд Арабиясының Бахрейнде болуы қисынға келмейді. Неліктен бөгде ел бұл елге әскери күш енгізіп, өз ерік-жігерін таңуы керек? Мұның салдары масқарашылыққа себеп болады.
Сауд Арабиясы тіпті АҚШ-ты бірнеше миллиардтық парамен өзіне жақтастырғысы келгенімен еш нәтижеге жетпейді. Йемен халқын жеңбейді»,-деді.
Аятолла Хаменеи дұшпандардың аймақтағы елдерде гибридтік соғыстар жүргізу қастандығына тоқталып: «Бүгінде ДАИШ лаңкестік тобы өзінің қалыптасқан жерлері Сирия мен Ирактан қуылып, Ауғанстан мен Пәкістан, тіпті Филиппин мен еуропалық елдерге бара жатыр. Батыс елдері жаққан от енді олардың өздерін шарпуда»,-деді.
Ислам революциясының жетекшісі Ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейни есімінің революциямен тығыз байланысты екенін айтып: «Бұл екеуі бір-бірінен ажырағысыз. Ислам революциясы – имам Хомейнидің (р.) ең үлкен жетістігі»,-деп қуаттады.
Хазірет аятолла Хаменеи, сондай-ақ, Иранда президенттік сайлаудың салтанатты түрде өткенін айтып: «Дұшпанның ақымақтығының қай жерге жеткенін көріңіздер. АҚШ Президенті құлдырау алдында тұрған бір тайпалық жүйеге барып, «қылыш биін» билеп, Иран халқының 40 млн дауысын сынайды»,-деді.