Башар Асад пен Путин Ресейдің Сириядағы әуе базаларының санын азайтуға келісті
(last modified Tue, 15 Mar 2016 08:59:03 GMT )
Нау 15, 2016 14:59 Asia/Almaty
  • Башар Асад пен Путин Ресейдің Сириядағы әуе базаларының санын азайтуға келісті

Сирия Президентінің аппараты хабарлағандай, Ресей мен Сирия Президенттері Ресейдің осы елдегі әуе базаларының санын азайтуға келісті.

«Тасним» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирия Президентінің аппараты дүйсенбі күні Ресей Президенті Владимир Путиннің сириялық әріптесі Башар Асадпен телефон арқылы сұхбатында Ресейдің Сириядағы әуе базаларының санын азайтуға келіскенін хабарлады.

Ресей Президенті Владимир Путин осы елдің Қорғаныс министрімен кездескеннен кейін сейсенбі күні Сириядағы күштерінің бір бөлігінің кері қайтуына бұйрық беретінін мәлімдеп: «Ресей күштерінің кері қайтуы осы елдің Сирия жерінде әскери амалдарының аяқталғанын білдірмейді. Ресейдің әуе және теңіз базасы бұрынғыдай Сириядағы миссиясын атқара береді. Ресей күштері Сириядағы бейбітшілік үдерісі үшін қолайлы жағдай тудырды»,-деп қуаттады.