Маусым 07, 2017 06:34 Asia/Almaty
  • АҚШ басқа елдермен салыстырғанда көбірек парниктік газ шығарады

ИИР президентінің бірінші орынбасары Джаһангири АҚШ президентінің Париж шартынан шығу туралы шешімін сынға алып: "АҚШ басқа елдермен салыстырғанда көбірек парниктік газ шығарады" деді.

АҚШ президенті Дональд Трамп өткен бейсенбі күні өз елінің Париж климаттық өзгерістер туралы шарттан шығатыны туралы мәлімдеп: "Бұл келісім АҚШ үшін ешқандай пайда әкелген жоқ" деді.

Иран президентінің бірінші орынбасары Исхақ  Джаһангири де Теһранда әлемдік қоршаған орта күніне орай өткен конференцияда: "Басқа елдермен салыстырғанда көбірек парниктік газ шығаратын ел бүгінде шектен тыс үстемшілдік көрсетіп, осындай экологиялық апаттармен күресу мәселесіне қатысты күдік тудырып отыр. Қоршаған ортаны қорғау – 21 ғасырда бүкіл әлем сонымен арпалысып жатқан басты мәселе" деді.

 

Тегтер