Теһрандағы лаңкестік шабуылдың жауапкершілігін ДАИШ мойнына алды
(last modified Thu, 08 Jun 2017 00:38:11 GMT )
Маусым 08, 2017 06:38 Asia/Almaty
  • Теһрандағы лаңкестік шабуылдың жауапкершілігін ДАИШ мойнына алды

ДАИШ тәкфіршіл-сионистік тобы сәрсенбі күні Теһранда орын алған лаңкестік шабуылдардың жауапкершілігін өз мойнына алды.

Сәрсенбі күні таңертең қарулы лаңкестер Иран Мәжілісінің ғимаратына келушілер ретінде кіргеннен кейін Мәжілістің күзет қызметінің күштерімен қақтығысып, оларға қарай оқ жаудырған. Бірқатар адам шәһид болып, тағы бірнеше адам жараланды.

Келесі төрт қарулы лаңкес Теһранның оңтүстігіндегі имам Хомейнидің кесенесіне кіріп, оқ жаудыра бастаған. Бұл оқиға барысында бір адам шәһид болып, төрт адам жарақат алды.

Қақтығыс кезінде жанкешті лаңкестердің бірі өзімен алып келген жарылғыш заттарды жарып жіберді. Лаңкестердің біреуі тәртіп сақтау күштері тарапынан өлтіріліп, тағы бір лаңкес әйел құрықталды.

Теһран қаласының әкімі Хосейн Хашеми тілшілер жиынында имам Хомейнидің кесенесі мен Иран Мәжілісінің ғимаратында орын алған екі лаңкестік оқиғаға тоқталып, қауіпсіздік күштерінің екі аудандағы жағдайды бақылап отырғанын мәлімдеді.