Теһрандағы лаңкестік шабуылдар Иран халқының лаңкестікпен күрестегі жігерін күшейтеді
ИИР президенті Рухани: «Сәрсенбі күні Теһранда орын алған лаңкестік шабуылдар исламдық Иранның аймақтық лаңкестік, әсірешілдік және зорлық-зомбылықпен күрестегі рух-жігерін күшейтеді",- деп баса айтты.
ИИР президентінің ақпарат торабының хабарлауынша, Хасан Рухани Теһрандағы лаңкестік шабуылдар құрбандарының отбасыларына көңіл айтқан жолдауында: "Иран халқы бұдан да мықты бірлік пен тұтастығы және өзінің қуатты қауіпсіздік құрылымының арқасында жамандық тілеушілердің кез келген астыртын әрекеті мен қастандығын сәтсіздікке ұшыратады",- деді.
Рухани бүгінгі Иранның ислам революциясының пайда болуы мен діни демократияның көрініс табуынан шамамен қырық жылдан кейін ұлттық күш-қуаттың барлық құрамдас бөліктерін жүзеге асырғанына тоқталып: "Бүгінгі күнде Иран Ислам революциясы жетекшінің кемеңгер жетекшілігі және қауіпсіздік, қорғаныстық, барлау және тәртіп сақтау күштерінің қуаты мен біртұтастығының арқасында бүлікшіл аймақтың ортасындағы ең қауіпсіз мемлекет саналады. Халықтың дауыс беру орындарына келуі де ұлттық бірлік пен оның халықтық қолдауын тағы дәлелдеді.
Лаңкестік ортақ мәселе болып табылады. Аймақтық және халықаралық ынтымақтастықтардың көмегімен әсірешілдік, зорлық-зомбылық пен лаңкестікпен күресте бірігу бүгінгі әлемдік қауымдастықтың ең маңызды қажеттілігі саналады",- деді.