Лаңкестер демократияның штабын нысанаға алды
(last modified Thu, 08 Jun 2017 11:17:02 GMT )
Маусым 08, 2017 17:17 Asia/Almaty
  • Лаңкестер демократияның штабын нысанаға алды

Иран Сыртқы істер министрі Зариф сәрсенбі күні Теһранда орын алған лаңкестік шабуылдарды демократияның штабына бағытталған шабуыл деп баса айтты.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мохаммад Джавад Зариф бейсенбі күні таңертең Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында үстемшіл билеушілердің демократияны жек көретіндігіне тоқталып: "Олардың жалдамалы күштері демократияның штабына шабуыл жасады",- деп жазды.

Сауд Арабиясының Қорғаныс министрі Мохаммад бин Салман мамырдың екісі күні Риядтың қолдау жасап отырған лаңкестеріне, әсіресе ДАИШ-ке қарсы қарсыласу майданының жеңістерінен кейін Иран Ислам Республикасына қарсы жасаған дұшпандық мәлімдемесінде: "Арабстан Иранның ішінде соғыс ашады",- деп айтқан болатын.