Лаңкестердің Иран халқының ерік-жігеріне әсер етуге шамалары келмейді
(last modified Thu, 08 Jun 2017 11:26:43 GMT )
Маусым 08, 2017 17:26 Asia/Almaty
  • Лаңкестердің Иран халқының ерік-жігеріне әсер етуге шамалары келмейді

Ислам революциясының жетекшісі сәрсенбі күні кешке студенттермен кездесуінде Теһрандағы лаңкестік шабуылдарға тоқталып: "Мұндай оқиғалар Иран халқы мен басшыларының ерік-жігеріне еш зиянын тигізе алмайды",- деді.

Революция жетекшісінің ақпарат тарату торабының хабарлауынша, хазірет аятолла Хаменеи: "Иран халқы өз әрекетін бар күш-қуатымен жалғастырып, алға қадам басады» деді.

Ислам революциясының жетекшісі өткен 38 жылдағы Иран Ислам жүйесінің табандылығы, қарсыласуы мен ілгерілеуі және оның үстемшіл жүйенің сегіз жылдық соғыс, төңкеріс, санкциялар кезеңі, жаппай қасақана үгіт-насихаты мен террор секілді алуан түрлі жоспарлары мен астыртын әрекеттеріне қарамастан, төзімділік танытуына сілтеме жасап: "Теһранда орын алған лаңкестік оқиғалар бүгінгі ұрпаққа террор бен лаңкестік әрекеттің не екенін және лаңкестердің күнәсіз адамдарды қалай нысанаға алатынын көрсетті",- деп мәлімдеді.

Революция жетекшісі сәрсенбі күні Теһранда орын алған оқиғалардың Иран халқының жігеріне әсер етпейтінін баса айтып: "Лаңкестердің Иран халқы мен басшыларының ерік-жігеріне әсер етуге шамалары келмейтіндігін баршаның білгені жөн. Алланың көмегімен лаңкестердің көзін жоямыз",- деп қуаттады.

 

Тегтер