Теһрандағы лаңкестік шабуыл Иран халқының жігерін мұқалта алмайды
(last modified Sat, 10 Jun 2017 08:34:09 GMT )
Маусым 10, 2017 14:34 Asia/Almaty
  • Теһрандағы лаңкестік шабуыл Иран халқының жігерін мұқалта алмайды

Иран Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жуырдағы Теһрандағы лаңкестік әрекеттерге байланысты көңіл айтқан жолдауында: "Бұл қылмыстар Иран халқының жігерін мұқалта алмайды",- деп қуаттады.

Революция жетекшісінің ақпарат тарату агенттігінің жұма күнгі хабарлауы бойынша, Иран ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жолдауында: "Маусымның жетісі, сәрсенбі күнгі имам Хомейнидің (р) кесенесі мен Ислам кеңесі мәжілісі ғимаратында орын алған лаңкестік әрекеттер үстемшілдердің жалдамалыларының Иранның шарапатты халқы және революциямен, исламдық жүйе мен марқұм жетекшіге байланысты кесірлі әрі зұлым өшпенділігі мен дұшпандығының айқын белгісі болып табылады.

Осы қылмыстарды басқарушылар және оны жүзеге асырушылардың зұлымдығы мен жек көрушіліктерінің көрінісі болып табылатын  қылмыстар Иран халқының ерік-жігерін мұқалта алмайды.

Бұл қылмыстардан АҚШ пен Сауд әулеті режимі секілді оның аймақтағы одақтас үкіметтеріне деген жек көрушіліктің артуынан басқа ешқандай нәтижесі жоқ. Иран халқы бірігіп, бар ерік-жігерімен алға қадам басады",- деді.

 

Тегтер