Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының имамы жуырдағы лаңкестік оқиғаларға сілтеме жасап: "Біздің халқымыз террордан қорықпай, оған қарсы табандылықпен күреседі",- деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аятолла Седдиқи Теһран жұма намазының құтпаларында сәрсенбі күнгі лаңкестік оқиғаға тоқталып: "Бұл лаңкестік оқиғаны үстемшіл әлем жасап отыр. Дұшпандар салафиттер арқылы Аль-Каида, Талибандар мен ДАИШ-тің негізін қалады.
Бүгінгі таңда Иран жастары көбірек айбын мен исламдық қырағылыққа ие. Сондықтан бұл террорлар халыққа зиян тигізе алмайды. Себебі, Иран халқы әрдайым табандылықпен қарсыласып, ешқашан әлемдік үстемшілдік пен АҚШ-тың алдында артқа шегінген емес",-деді.
Теһран жұма намазының имамы тәртіп сақшылары, қауіпсіздік және Сақшылар корпусы күштеріне ең аз шығынмен лаңкестерді басып-жаныштағандары үшін алғыс білдірді.
Аятолла Седдиқи сөзінің жалғасында имам Хомейнидің жеке қасиеттеріне тоқталып: "Хазірет имам Хомейни атеистік ағымдарға қарсы табандылықпен күресті",- деп баса айтты.