Теһрандағы лаңкестік шабуылдарға қатысты бір шетел азаматы құрықталды
https://itolqyn.com/news/iran-i27874-Теһрандағы_лаңкестік_шабуылдарға_қатысты_бір_шетел_азаматы_құрықталды
Қауіпсіздік органының бір қызметкері Махшахр теңіз айлағында Теһрандағы лаңкестік оқиғаларға қатысы бар деген айыппен бір адамның құрықталғаны туралы хабарлап, күдіктінің шетел азаматы екендігін айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 10, 2017 14:49 Asia/Almaty
  • Теһрандағы лаңкестік шабуылдарға қатысты бір шетел азаматы құрықталды

Қауіпсіздік органының бір қызметкері Махшахр теңіз айлағында Теһрандағы лаңкестік оқиғаларға қатысы бар деген айыппен бір адамның құрықталғаны туралы хабарлап, күдіктінің шетел азаматы екендігін айтты.

Al Alam хабар арнасының хабарлауынша, Қауіпсіздік органының бір қызметкері: "Қауіпсіздік күштерінің күндіз-түні жасаған іздеу жұмыстарының нәтижесінде Теһрандағы сәрсенбі күнгі оқиғаларға қатысты бір күдікті азамат Махшахр теңіз айлағында құрықталды. Күдікті Иран азаматы емес. Лаңкестерді құрал-жабдық және қажетті заттармен қамтамасыз еткен бұл азамат қауіпсіздік күштерінің күрделі әрі есептелген операцияларының арқасында құрықталды",- деп мәлімдеді.

Иран Барлау министрлігінің жұма күнгі мәлімдемесіне сәйкес, күрделі барлау операциялары мен Керманшах, Күрдістан, Батыс Әзірбайжан және Теһран облыстарындағы халықтың ынтымақтастығының арқасында бірқатар құжаттар мен лаңкестік жабдықтары бар операциялық және байланыстырушы, қамтамасыз етуші топтардан құралған ДАИШ лаңкестік тобының 41 мүшесі ешбір әрекет жасамастан бұрын анықталып, құрықталды.