Иран халқы лаңкестік шабуылдардың шәһидтерін ақтық сапарға шығарып салды
https://itolqyn.com/news/iran-i27876-Иран_халқы_лаңкестік_шабуылдардың_шәһидтерін_ақтық_сапарға_шығарып_салды
Кеше, жұма күні исламдық Иранның мүмін әрі ораза тұтушы халқы сәрсенбі күнгі Теһрандағы лаңкестік шабуылдардың құрбандарын жерлеу рәсіміне жаппай қатысып, пәк шәһидтерді ерекше салтанатпен ақтық сапарға шығарып салды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 10, 2017 14:55 Asia/Almaty
  • Иран халқы лаңкестік шабуылдардың шәһидтерін ақтық сапарға шығарып салды

Кеше, жұма күні исламдық Иранның мүмін әрі ораза тұтушы халқы сәрсенбі күнгі Теһрандағы лаңкестік шабуылдардың құрбандарын жерлеу рәсіміне жаппай қатысып, пәк шәһидтерді ерекше салтанатпен ақтық сапарға шығарып салды.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Теһрандағы лаңкестік шабуылдардың шәһидтерінің жерлеу рәсіміне қатысуға жүздеген мың адам жиналып, шәһидтердің денелерін Теһран университетінің алдынан бастап, Теһранның Беһеште Заһра зиратына дейін шығарып салды.

Теһрандағы лаңкестік шабуылдардың шәһидтерін жерлеу рәсіміне қатысуға жиналған халық "Америкаға өлім!", "Израильге өлім!", "Сауд әулеті режиміне өлім!", "Дұшпанның ықпал ететін жолын жабу керек!" және "ДАИШ пен ваххаби – АҚШ-тың екі агенті" деп ұрандатып, шәһидтерді ақтық сапарға шығарып салды.

Теһрандағы сәрсенбі күні таңертең ДАИШ лаңкестік тобы мүшелерінің Иран Ислам кеңесі мәжілісінің ғимараты мен имам Хомейнидің кесенесіне жасаған шабуылдары салдарынан 17 адам шәһид болып, 52 адам жарақат алды.