Тынышсыздық қалыптастыратындар ауыр жазаланады
(last modified Sat, 10 Jun 2017 14:25:58 GMT )
Маусым 10, 2017 20:25 Asia/Almaty
  • Тынышсыздық қалыптастыратындар ауыр жазаланады

Иран Конституциясы Сақшылар кеңесінің хатшысы аятолла Джаннати: «Тынышсыздық қалыптастыратындар – жер бетіндегі бұзақылар. Олар ауыр жазаға ие болады»,- деді.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран Конституциясы Сақшылар кеңесінің хатшысы Иранның полиция күштерінің қолбасшылары, басшылары және директорларымен Теһранда өткізген отырысында қауіпсіздікті бұзуды  Алла және Оның елшісімен  соғысу деп атап: «Иранның полиция күштері тынышсыздық тудырушыларға қарсы қандай шара қолдануды біледі. Сондықтан халық олардың қызметін қадірлейді»,- деді.

Иран Конституциясы Сақшылар кеңесінің хатшысы такфиршіл-сионистік лаңкестер туралы: «Ваххабизм жылдар бойы лаңкестерді тәрбиелеп, соңында Исламға соққы бермек»,- деп қуаттады.

Аятолла Джаннати Иранның полиция күштерін мамырдың 19 күнгі сайлауларды қауіпсіздік жағдайда өткізгеніне алғыс айтып: «Бұл сайлаулар – Иран халқының дұшпанға берген жауабы. Иран халқының сайлауға жаппай қатысуы діни халық демократиясының көрінісі болды. Халық сайлауға діни және ұлттық міндет ретінде қатысты»,- деді.