Хасан Рухани Иранның дамуы үшін жастарды пайдалану қажеттігін қуаттады
ИИР президенті исламдық Иранның дамуы үшін жас буынның қабілеттерін пайдалану қажеттігін қуаттады.
ИРНА ақпарат агенттінің мәліметі бойынша, ИИР президенті Хасан Рухани жексенбі күні кешке Теһранда жастар мен студенттермен өткен ауызашар рәсімінде жас буынның ойлау қабілетін жақсырақ пайдалануды үкіметтің негізгі мақсаттарының бірі деп атап: "Жастар Иранның қиындықтарын шешіп, оның келешегін құру үшін белсенділік танытуы тиіс",-деді.
Рухани аймақ пен әлемде орнаған ерекше жағдайларға сілтеме жасап: "Университеттер, білім және ғылыми зерттеулерге негізделген компаниялар мен Иранның жастары Иранды құру және елде азаттық, қауіпсіздік, тыныштық пен дамуға қол жеткізу үшін нық қадамдар жасауы керек",- деді.