Иранның Дейер портынан Катарға азық-түлік тиелімі жөнелтілді
(last modified Tue, 13 Jun 2017 12:29:30 GMT )
Маусым 13, 2017 18:29 Asia/Almaty
  • Иранның Дейер портынан Катарға азық-түлік тиелімі жөнелтілді

Көлемі 350 тоннаны құрайтын Иранның экспорттық азық-түлік тиелімі Бушер облысындағы Дейер портынан жергілікті үш кеме арқылы Катардың порттарына жөнелтілді.

Сауд Арабиясы мен Бахрейн және Мысыр бір мезгілде Катармен дипломатиялық байланыстарын үзу арқылы осы елге әуе және теңіз рейстерін тоқтатып, құрлық өткелдерін жапты.