Зариф: Иран барлық көршілес елдермен зерделі әрі сындарлы қарым-қатынас жасауды қалайды
(last modified Wed, 03 Feb 2016 13:21:27 GMT )
Ақп 03, 2016 19:21 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран барлық көршілес елдермен зерделі әрі сындарлы қарым-қатынас жасауды қалайды

ИИР-ның Сыртқы істер министрі: «Иран аймақтың алпауыт елі ретінде барлық көршілес елдермен зерделі әрі сындарлы қарым-қатынас жасауды қалайды»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР-ның Сыртқы істер министрі сейсенбі күні түстен кейін Германияның Сыртқы істер министрі Франк Вальтер-Штайнмайермен ортақ брифингте Иран мен Германияның байырғы саяси-экономикалық байланыстарына тоқталып: «Германия тарапымен екіжақты қарым-қатынас, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын орындау және оның барлық елдер, әсіресе ИИР мен Германия үшін тудырған мүмкіндіктері жайында жақсы келіссөздер жүргізілді»,-деп еске салды.

Зариф Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы пайда болған шиеленіс пен оның Сириядағы бейбіт диалог үдерісіне әсері жайлы сұраққа жауап беріп: «ИИР Сауд Арабиясымен қарым-қатынасында шиеленістің болуын қаламайды. Иран үкіметінің саясаты көршілес елдерге басымдық беруге негізделген»,-деді.

Германияның Сыртқы істер министрі Франк Вальтер-Штайнмайер де осы брифингте Иран мен «алтылық» елдері арасындағы ядролық келіссөздердің бір нәтижеге жеткеніне ризалық білдіріп: «Германия «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының әлем мен аймақтың қауіпсіздігін арттыратындығына сенімді»,-баса айтты.

Штайнмайер Сирия дағдарысына тоқталып: «Осы елдің дағдарысын шешуге әсер ете алатын адамдардың барлығы бұл елде тұрақтылық пен бейбітшіліктің орнауына көмектесуі тиіс»,-деді.