ДАИШ Америка және Арабстанның жетекшілігімен лаңкестік әрекеттерді жүзеге асырады
(last modified Tue, 13 Jun 2017 13:41:40 GMT )
Маусым 13, 2017 19:41 Asia/Almaty
  • ДАИШ Америка және Арабстанның жетекшілігімен лаңкестік әрекеттерді жүзеге асырады

ИИР Қарулы күштерінің баспасөз хатшысы генерал Джазайери: «ДАИШ лаңкестік тобы Америка және Арабстанмен байланысты. Олар осы екі елдің басшылығы, жетекшілігі және қолдауымен лаңкестік әрекеттерді жүзеге асыруда» деді.

ИИР Қарулы күштерінің баспасөз хатшысы бригада генералы Масуд Джазайери Теһранда болған лаңкестік оқиғаларға тоқталып: «Мойындауларға сәйкес, Теһранда болған лаңкестік әрекеттер ДАИШ арқылы жүзеге асырылған» деді.

ДАИШ лаңкестік тобына қарасты адамдар маусымның жетісі күні Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісі мен имам Хомейнидің қасиетті кесенесіне жасаған шабуылда 17 адам шәһид болып, 52 адам жараланды.  

Бүгінде Арабстан, Америка және аймақтағы кейбір кертартпа елдер арқылы демеушілік жасалатын үкіметтік лаңкестіктің бүлдіргі әсерлері Ирак пен Сирияда, Ауғанстан мен Йеменде  және тағы басқа елдерде, соның ішінде кейбір еуропалық елдерде байқалуда.