Футболдан ұлттық құрама команданың ойыншылары мен жаттықтырушылары Руханимен кездесті
https://itolqyn.com/news/iran-i28050
Иранның футболдан ұлттық командасының ойыншылары мен жаттықтырушылары Иран президенті Руханимен кездесті
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 15, 2017 08:54 Asia/Almaty
  • Футболдан ұлттық құрама команданың ойыншылары мен жаттықтырушылары Руханимен кездесті

Иранның футболдан ұлттық командасының ойыншылары мен жаттықтырушылары Иран президенті Руханимен кездесті

ИИР президенті Хасан Рухани сәрсенбі күнгі кездесуде "Иран халқы футболды жақсы көреді. Мың минутта өз қақпасына гол салдырмау, әлемдік кубок іріктелетін топтық бәсекелестік аяқталмай тұрып уақытынан бұрын кесімді жеңіске ие болу Иранның футболдан ұлттық құрама командасының соңғы жылдардағы екі кезеңдегі рекордтарына жатады. Иранның футболдан ұлттық командасы 2018 жылы Ресейде өтетін әлемдік кубокта топтық кезеңде жеңіп, өз атына жаңа рекорд тіркейді" деген сенім білдірді.

Иранның футболдан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Карлос Квиерос та Иран президентімен кездесуіне қуаныш білдіріп: "Иран халқының футболға деген ықыласы мен құлшынысы әрі футболшылардың зор әлеуетті көбірек қолдау көрсетуді қажет етеді. Ирандықтардың осындай қабілет-қарымдары мен жауапкершіліктерін пайдаланып, Иранның футболын әлемдік деңгейде жоғарырақ мәртебеге жеткізуге болады" деді.

Иранның футболдан ұлттық құрама командасы дүйсенбі күні түнде Өзбекстанмен сында 2:0 есебімен жеңіске жетіп, тарихта бесінші рет әлемдік футбол оқиғаларындағы ең маңызды ойыншы болу үшін Ресейде 2018 жылы өтетін әлемдік кубокқа жолдама алды.