Иран халқы аймақ пен әлемдегі сезімтал жағдайда сайлауларда жеңіске жетті
ИИР президенті Хасан Рухани бейсенбі күні кешке сөйлеген сөзінде: "Батыс тағы да қысым жасап, аймақтық консенсус арқылы Иран халқына қоқан-лоққы жасаған жағдайда Иран халқы президенттік сайлаудың он екінші кезеңінде жеңіске жетті" деді.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани бейсенбі күні кешке бұқаралық ақпарат құралдарының белсенділерімен өткен ауызашар рәсімінде Қадір түндерін ұлықтап, сайлау күндерін Иран халқы үшін маңызды күндер әрі саяси мереке деп бағалап: "Халық дауыс беру орындарына жаппай келіп, сайлауға қатысу арқылы өздерінің келешегі мен тағдырын шешті",- деді.
Иран президенті бұқаралық ақпарат құралдарының халықты хабардар етудегі рөлін баса айтып, БАҚ-тың сындарлы сынын мемлекеттік істерді өзгерту мен елдің дамуының факторы деп атады.