Америкалықтар Иран режимін өзгертуге талпыныс жасамай, өз режимін сақтап қалуды ойлағаны жөн
Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф: "Америкалықтар Иран режимін өзгертуге талпыныс жасаудың орнына өз режимін сақтап қалуға қам жасағаны жөн",- деп баса айтты.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мохаммад Джавад Зариф Твиттердегі ең соңғы жолдауында былай деп жазды: "Америка басшылары режимді өзгертуге бағытталған заңсыз саясатына қайта кіріспестен бұрын тарихпен жақсылап танысып, содан сабақ алғаны жөн.
1953 жылғы Теһрандағы төңкеріс кезіндегі масқарашылық пен 1979 жылғы революция тәжірибесі Иран халқының олардың тағдырын анықтау мақсатындағы шетелдік талпыныстарға қарсы күресетінін дәлелдеді.
АҚШ-тың бірнеше онжылдық бойы режимді өзгерту және санкциялар салудағы сәтсіздікке ұшыраған саясатын жүргізуден кейін Вашингтон Теһрандағы 1953 жылғы төңкеріске араласқаны үшін кешірім сұрауға мәжбүр болып, келіссөздер жүргізудің жалғыз шешім жолы екенін мойындады.
Америкалықтар үшін Ирандағы халықтың 75 пайызы дауыс берген билікті ауыстыруды ойлаудың орнына АҚШ-тағы өз режимдерін сақтап қалуды ойлағандары жөн".