АҚШ Сенатының қаулысы – дұшпандық әрі заңсыз әрекет
(last modified Mon, 19 Jun 2017 04:48:51 GMT )
Маусым 19, 2017 10:48 Asia/Almaty
  • АҚШ Сенатының қаулысы – дұшпандық әрі заңсыз әрекет

ИИР Ұлттық Қауіпсіздігі Жоғары кеңесінің хатшысы Шамхани: "АҚШ Сенатының «Ортақ қадам» бағдарламасына қайшы бекіткен қаулысы ИИР-ға қарсы заңсыз және дұшпандық әрекет",-деді.

АҚШ Сенаты 15 маусым күні ИИР-на қарсы "Иранның 2017 жылғы тұрақсыздық тудырушы қадамдарымен күресу" деп аталатын жан-жақты санкциялар жобасын бекітті. Бұл жоба баллистикалық зымырандар мен лаңкестік пен қару-жараққа қатысты санкцияларды қамтиды.

ИИР-ның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани: "«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жүзеге асыруды қадағалау кеңісінің жексенбі күнгі жиналысында АҚШ Сенатының қаулысы мұқият қарастырылып, қарымта шаралар мен әрекеттер жасау үшін тиісті шешімдер қабылданды. АҚШ Үкіметінің Иранға қарсы сындарсыз жолды жалғастыруы бұл ел  басшыларының аймақтағы шиеленіс пен тұрақсыздықты арттыру үшін сылтау іздейтінін көрсетеді",-деді.