Революция жетекшісі шәһид болған шекарашылар мен кесенені қорғаушылардың отбасыларымен кездесті
(last modified Mon, 19 Jun 2017 06:43:30 GMT )
Маусым 19, 2017 12:43 Asia/Almaty
  • Революция жетекшісі шәһид болған шекарашылар мен кесенені қорғаушылардың отбасыларымен кездесті

Ислам революциясының жетекшісі шәһид болған кесененің қорғаушылары мен шекарашылардың отбасыларын қабылдауында: "Ислам Республикасы бар айбынымен табандылық көрсетіп, Иран халқы дұшпандарға тойтарыс береді",- деді.

Революция жетекшісінің ақпарат тарату қызметінің мәліметі бойынша, революция жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні кешкіе өткен кездесуде АҚШ басшыларының жуырдағы дұшпандық және қоқан-лоққыға толы сөздерін бос сөз деп атап: "Америкалық саясаткерлер революция жеңісінің басынан бастап үнемі ислам республикасының жүйесін өзгертуді көздеді. Брақ олар Иран халқын қорлай алмайды. Себебі, дәл осы халық оларға тойтарыс береді",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі ислам жүйесінің қатты дұшпандықтармен бетпе-бет келіп отырғанына қарамастан өміршеңдігіне  тоқталып: "АҚШ президентінің бос сөздері  соны тақырып емес. Себебі, Ислам жүйесі басынан әртүрлі қастандықтармен бетпе-бет келіп отыр. Алайда, Иран халқына жамандық тілеушілер ешнәрсе жасай алмайды.

Ислам жүйесі жаңадан шыққан нәзік көшет болған кезде де оған ешбір зиян келтіре алмады. Ал қазір бұл жүйе мықты ағашқа айналған",- деп баса айтты.

Аятолла Хаменеи АҚШ басшыларының жуырдағы ислам жүйесін өзгерту туралы айтқан сөздеріне сілтеме жасап, оларға қаратып: "Өткен 38 жыл бойы сендер ислам жүйесін өзгертуді көздеп келесіңдер, бірақ үнемі сәтсіздікке ұшырадыңдар. Бұдан былай да тек осылай болады",- деді.

Хазірет аятолла Хаменеи Ақ үйдің жаңа басшыларын тәжірибесіз деп атап: "Америка басшылары ислам революциясының жеңісінің басынан бастап ИИР жүйесін құлатуға талпыныс жасап келді. Бірақ мұндай мақсатты көздегендер армандарын өздерімен көрге әкетті. Бұдан былай де тек солай болады",- деді.

 

Тегтер