Рухани: Діни мәдениет қоғамның сергектігімен қайшы емес
https://itolqyn.com/news/iran-i2818-Рухани_Діни_мәдениет_қоғамның_сергектігімен_қайшы_емес
ИИР президенті діни мәдениеттің қоғамның сергектігімен қайшылықта емес екендігін мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 15, 2016 21:34 Asia/Almaty
  • Рухани: Діни мәдениет қоғамның сергектігімен қайшы емес

ИИР президенті діни мәдениеттің қоғамның сергектігімен қайшылықта емес екендігін мәлімдеді.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Иран спортының чемпиондары мен медаль алғандарды марапаттау рәсімінде дене шынықтыруды адамның тәні мен жаны үшін қажетті іс деп атап: «Ислам мәдениетінде де дене шынықтыру жөнінде кеңес берілген. Имам Саджад (ғ) өз дұғаларында Құдай Тағаладан сергектік пен көңілді болуды, сондай- ақ дәрменсіздік пен әлсіздіктен алшақ болуды сұрады. Кейбіреулер дін және діни мәдениетті қоғамның сергектігімен қайшылықта деп түсінеді. Дегенмен әлем шиіттерінің төртінші имамы имам Саджад (ғ) Құдайдан өзіне сергектік сыйлауды сұрады» деді.

Рухани сондай- ақ адамдардың жүзіне қарап, олардың ішкі жан-дүниесін түсінуге болатынын айтып: «Адамдардың жүзіне қарау арқылы бір ұлттың сергек, көңілді және үмітті екендігін немесе қажыған әрі әлеуметтік маңызды мәселелердің алдында дәрменсіздік танытып, жүздерін қайғы-мұң басқаны мәлім болады» деді.