Лариджани Құдс күніне орай мұсылман мемлекеттерінің Парламент басшыларына хат жолдады
(last modified Thu, 22 Jun 2017 09:38:22 GMT )
Маусым 22, 2017 15:38 Asia/Almaty
  • Лариджани Құдс күніне орай мұсылман мемлекеттерінің Парламент басшыларына хат жолдады

Иран ислам кеңесі Мәжілісінің төрағасы әлемдік Құдс күніне орай мұсылман мемлекеттерінің Парламент басшыларына жолдаған хатында: "Ислам әлеміндегі дағдарыстар сионистік режимді басқыншылық саясаттарын ілгерілетуде батылдандыра түсті",- деп жазды.

Иран Телерадио бірлестігінің мәліметі бойынша, Иран ислам кеңесі Мәжілісінің төрағасы Али Лариджани жолдауында: "Құдс басқыншылығының 50 жылдығымен қатар Израильдің бұл мекенді сионистендіру мақсатындағы әрекеттері, сионистер қоныстанатын қалашықтар салуды жалғастыру, адамдарды қоршауға алу, Палестинаның мазлұм халқын басып-жаныштау мен жаппай қырып-жоюдың күшейгені соншалықты, әлемдік Құдс күні ислам әлемі қоғамдық назарды Палестина мен Құдс мәселелеріне аудара алады",- деді.

Лариджани Парламенттердің сионистік режимнің басқыншылық саясаттарына қарсы тұру мен Палестинаның мазлұм халқының құқықтарын қорғаудағы рөлі мен жауапкершілігін баса айтып, әлемдік Құдс күніне қолдау көрсету мен сионистік режимнің Құдстағы зорлық-зомбылық әрекеттерімен күресуде Парламенттердің белсенді саясат ұстануын сұрады.

Биыл маусымның жиырма үші, яғни Рамазан айының жиырма сегізінші жұлдызы әлемдік Құдс күні саналады.