Сионистік режиммен күрес – үстемшілдік және басқыншы жүйемен күрес
(last modified Thu, 22 Jun 2017 10:01:48 GMT )
Маусым 22, 2017 16:01 Asia/Almaty
  • Сионистік режиммен күрес – үстемшілдік және басқыншы жүйемен күрес

Ислам революциясының жетекшісі әлемдік Құдс күнін өте маңызды күн деп атап: "Бұл қадірлі күн тек мазлұм халыққа қолдау көрсетуді мәлімдеу ғана емес, сондай-ақ үстемшілдік пен әлемдік үстемшілермен күресу дегенді білдіреді",-деп баса айтты.

Революция жетекшісінің ақпарат тарату қызметінің хабарлауынша, ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні кешке Иран универститеттерінің оқытушылары, ғалымдары мен зиялы қауым өкілдерін қабылдауында әлемдік Құдс күнінің жақындап қалғанына сілтеме жасап: "Әлемдік Құдс күнін ұлықтау тек өз отаны мен үйінен қуылған мазлұм халықты қорғау деген мағынаны білдірмейді. Палестинаны қорғау – Палестина мәселесінен де ауқымдырақ ақиқатты қорғау деген сөз.

Сионистік режиммен күрес – үстемшілдік пен өктем жүйемен күресу деген сөз. Сол себепті АҚШ-тың саясаткерлері мұндай әрекеттен соққы алып, дұшпандықты сезінуде",- деді.

Содан кейін революция жетекшісі бұл кездесудегі сөзінің негізгі тақырыбын мұғалімдер мен оқытушылардың жауапкершілігі екенін айтып: "Позитивті түрде ойлайтын, жауапкершілікті мойындарына алатын, үмітті, діни негіздер, отандық бірегейлігі мен революция мәселелері үшін жауапкершілікке ие, жауапкершілік сезімі мен ұлылылық және әрекет ету үшін кесімді түрде ниеттенетін мұғалім студентті ойлау мен әрекетке итермелеуде теңдессіз рөл атқарады",- деп баса айтты.

Хазірет аятолла Хаменеи жаңа ғылымдарға тосқауыл қоюды үстемшілердің Ирандағы университеттерді әлсіретудегі жоспары деп атап: "Пехлеви кезеңінде батыстықтар ұзақ жылдар бойы ешқашан біздің жоғары оқу орындарымызда маңызды ғылыми жетістіктер мен жаңа білімдерді таратқан емес. Олар  университетті батыстық құндылықтарды тарату мекеніне айналдырып, университеттерде кез келген жаңашылдықтың пайда болуына тосқауыл болған",- деді.

 

Тегтер