Иранның лауазымды тұлғалары Палестинаның мазлұм халқына қолдау көрсетті
Иранның жауапты және жоғары лауазымды тұлғалары әлемдік Құдс күніне арналған шеруге қатысып, өздерінің Палестинаның мазлұм халқына қолдау көрсететіндіктерін мәлімдеп, сионистік режимді айыптады.
Иран президенті Хасан Рухани Теһрандағы әлемдік Құдс күніне орай өткен рәсім аясында тілшілерге берген сұхбатында: "Құдс күнінің жолдауы Иран халқының басқыншы режимге деген жеккөрушілігі мен Палестинаның мазлұм халқына қолдау көрсетуі",- деп мәлімдеді.
Иран Сот билігінің басшысы аятолла Садық Амоли Лариджани осы рәсім аясында: "Басқыншы жүйе, әсіресе АҚШ пен оның аймақтағы одақтастары Палестинаның негізгі тақырыбын Ираннан үркіту секілді қосалқы мәселелермен алмастыруға талпыныс жасауда. Алайда, олар өз мақсаттарына жете алмайды",- деді.
Жетекшінің Сарапшылар кеңесінің басшысы аятолла Ахмад Джаннати тілшілерге берген сұхбатында: "Исламдық Иран халқы Палестинаның армандары мен революцияны қорғау үшін сахнаға келіп, дұшпандардың қастандық әрекеттерін залалсыздандырды",- деді.
Иран вице-президенті Исхақ Джахангири де сионистік режимді мұсылман елдерінің негізгі дұшпаны деп атап: "Мұсылман мемлекеттері бірігіп, мұсылман елдерінің негізгі дұшпаны сионистік режимге қарсы күресуді ойлауы керек",- деді.
Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің төрағасы Али Шамхани қауіпсіздікті ислам республикасының өзгертуге келмейтін «қызыл сызығы» деп атап: "Кез келген тәсілмен бұл маңызды ұғымға нұқсан келтіргісі келген кез келген топ немесе мемлекет қатты реакцияға ұшырайды"- деп баса айтты.
Иранның Қорғаныс министрі бригада генералы сардар Хосейн Дехқан сионистік режимді аймақтағы қауіп пен тұрақсыздықтың факторы деп атап: "Құдс күні - ислам жаңғырып, барша мұсылман халықтары бірігетін күн",- деді.