Рухани мен Лариджани Иранның ауыр атлетикадан ұлттық командасын әлемдік сайыстағы жеңісімен құттықтады
Иран Президенті мен Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы жұма күні кешке жеке жолдауларында Иран халқын ел жастарының ауыр атлетика ұлттық командасының Жапонияда өткен әлемдік жарыстағы жеңісімен құттықтады.
ИИР Президенті Хасан Рухани жолдауында екінші жыл қатарынан Иран халқын қуантып отырған спортшылар мен тренерлерге, әсіресе Иранның ауыр атлеттеріне алғыс айтты.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани да өз жолдауында Иран жастарының ауыр атлетикадан ұлттық командасын жеңімпаз болуымен құттықтады.
Маусымның 15 күні Жапонияда басталған әлемдік жастар арасындағы ауыр атлетика жарыстары 105 килограмм салмақтағы атлеттердің сайысымен кеше, жұма күні аяқталды.
Иран жастарының ауыр атлетика командасы 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль, сондай-ақ 423 ұпаймен бірінші орынға ие болды. Жапония мен Қытай командалары сәйкесінше 2-3-ші орындарды иемденді.
Жарыстарға 50 елдің 260 атлеті қатысты.