Иранда ДАИШ-ке қатысты бір лаңкестік топтың мүшесі құрықталды
https://itolqyn.com/news/iran-i28368
ИИР Барлау министрлігі сенбі күні кешкісін жариялаған мәлімдемесінде Иранның ішінде лаңкестік әрекеттерді жүзеге асыруды көздеген ДАИШ-ке қатысы бар бір лаңкестік топ мүшесінің құрықталғаны туралы хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 25, 2017 13:46 Asia/Almaty
  • Иранда ДАИШ-ке қатысты бір лаңкестік топтың мүшесі құрықталды

ИИР Барлау министрлігі сенбі күні кешкісін жариялаған мәлімдемесінде Иранның ішінде лаңкестік әрекеттерді жүзеге асыруды көздеген ДАИШ-ке қатысы бар бір лаңкестік топ мүшесінің құрықталғаны туралы хабарлады.

ИИР Барлау министрлігі сенбі күні кешке  жариялаған мәлімдемесінде Иранның ішінде лаңкестік әрекеттерді жүзеге асыруды көздеген ДАИШ-ке қатысы бар лаңкестік топтың бір мүшесінің құрықталғаны туралы хабарлап: «Әлемдік Құдс күні имам Заман атындағы сарбаздар Иранның орталық облыстары және діни қалаларында лаңкестік әрекеттерді жүзеге асыруды көздеген ДАИШ-ке қатысы бар бір лаңкестік топты барлау және анықтау амалдарының нәтижесінде және лаңкестік шабуыл жасамастан бұрын, жарылғыш заттарымен бірге құрықталды",- деп хабарлады.

Құрықтау барысында бұл лаңкестік топтың 3 Калашник автоматы, дыбыс сөндіргіші бар бір зеңбірек, түнгі уақытта пайдаланатын дүрбі, 3 жарылғыш белбеу, жарылысты қашықтықтан басқаратын телефон, көп көлемдегі оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен бомба жасауға арналған басқа да техникалық құралдар анықталып, тәркіленді.