Иран Пәкістан халқы мен үкіметіне көңіл айтты
Маусым 26, 2017 07:27 Asia/Almaty
Иранның СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми Пәкістанда жанармай тасымалдаушы жүк көлігінің жарылуы салдарынан жүздеген адамның қаза болып, жаралануына байланысты өкініш білдіріп, Пәкістанның үкіметі мен халқына және құрбан болғандардың отбасыларына көңіл айтты.
Пәкістанның Панджаб облысының Бахавалпур қаласының жолында жанармай тасымалдаушы жүк көлігінің жарылып, өртенуінің салдарынан 123 адам қаза болды.
Пәкістанның ресми ақпарат агенттігінің мәлімдеуінше, осы оқиғада 200 адам жараланған. Пәкістанның Geo TV хабар арнасы жергілікті тұрғындар жанармай тасушы жүк көлігінен жанармай алып жатқан кезде көліктің жарылып, өртенгенін мәлімдеді.
Тегтер