Иран Президенті Ораза айтқа байланысты әлем мұсылмандарына жолдау арнады
ИИР Президенті жолдауында әлемнің барша мұсылмандарын Ораза айтпен құттықтады.
ИИР Президенті Хасан Рухани өз жолдауында әлемнің барша мұсылмандарын Ораза айтпен құттықтауымен бірге: «Исламдық қоғамының аясында Рамазан айы мен Ораза айттың барлық мұсылмандарды біріктіретін үлкен жиын ретіндегі айбындылығын түсіну ислам әлемінің жер-жеріндегі қайшылықтарды азайтып, кедейшілік пен экстремизмді, қатыгездік пен лаңкестікті жоюға себеп болады. Қазіргі жағдайда ислам үмбетінің терең діни қарым-қатынастарын нығайтып, қырағылықпен дұшпандардың іріткі салу қастандықтарына қарсы тұру үшін исламдық ойлардағы әділдік, ақыл мен бейбітшілікке сүйенген ағартушылық жұмыстар жүргізу мұсылман дегдарлар мен ойшылдардың міндеті»,- деді.
Иран Президенті сонымен бірге ислам үмбетіне әлемдік Құдс күніне арналған шеруге жаппай қатысуы мен аймақтың қаналған халықтарының құқықтарын қорғауына және Құдсты азат ету мен лаңкестікті айыптау жолдауын жеткізгендері үшін алғыс айтты.
Исламдық Иранда бүгін, дүйсенбі хиджри қамари күнтізбесінің 1438-ші жылының шаууал айының 1-ші жұлдызы – Ораза айт.